Калиев А.А. 2013 жылдан бастап колледжде директор қызметін атқарып келеді. Техникалық ғылымдар магистрі. Ол «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның Алғыс хаттарына, Алматы қаласы әкімінің және Медеу ауданы әкімінің Алғыс хаттарына, сондай-ақ «Bilim Orkeniety» ұйымдастырған «Үздік директор – 2018» І дәрежелі дипломына ие.
Алмаз Айдарбекұлы өз білімін және кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырады. Ол жыл сайын «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығында, «ZIAT-IQ» кәсіби даму орталығында және басқа да білім беру ұйымдарында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Калиев А.А. колледждің ғылыми-зерттеу жұмыстарының тұрақты кеңесшісі мен рецензенті болып табылады. Оның жетекшілігімен колледж студенттері «WorldSkills» аймақтық және республикалық чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтқанда, 2019 жылы «WorldSkills 2019» республикалық чемпионатында колледж студенті І орын иегері атанды; «WorldSkills Almaty 2021» чемпионатында «Электроника» құзыреттілігі бойынша студенттер ІІ және ІІІ орындарды, ал «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша екі екінші орынды иеленді; 2022 жылы «WorldSkills» аймақтық чемпионатында «Мобильді робототехника» бағыты бойынша ІІ орынға ие болды.
Сонымен қатар, Алмаз Айдарбекұлы «Tech Lab АКЖТ» техникалық зертханасының жұмысын үйлестіреді. Бұл зертхана – электротехника, бағдарламалау және робототехника негіздерін үйретуге, сондай-ақ үйірмелік, кеңес беру және техникалық жұмыстар жүргізуге арналған арнайы аудитория.
Калиев А.А. қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі басылымдарда жарияланған 20-дан астам ғылыми мақалалар мен еңбектердің авторы.
Өз қызметіндегі жоғары көрсеткіштері үшін Калиев А.А. «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның, Медеу ауданы және Алматы қаласы әкімдерінің, сондай-ақ Салалық қауымдастықтар мен кәсіптік білім беру ұйымдарының алғыс хаттары мен грамоталарына ие.
Алмаз Айдарбекұлы жоғары инновациялық әлеуетке ие, оқу орнының қызметін мемлекеттік стандарттарға сай ұйымдастырады және ұжым арасында зор бедел мен құрметке ие.
Калиев Алмаз Айдарбекұлының кандидатурасы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Мақтау қағазы» Құрмет грамотасына ұсынылды.